“KazRoboSport-2022″спорттық робототехника бойынша республикалық чемпионаттың нәтижелері
3 қарашада елордада өңірлердің үздік командалары кездесті. Көктемде олар іріктеуден өтіп, республикалық финалға шақырылды.
Биылғы жарыс робо-спорттың тек екі түрінен өтті: биатлон және сумо (10*10 см) екі жас тобында. Барлығы-төрт номинация.
Робо-биатлон санатында (10-14 жас аралығында)
1 орын – Тұрғанбекова Зарина, Аманболова Амина. Жаттықтырушы-Солтаналинов Қайрат.
2 орын-Омаров Арсен, Қосан Арлан. НЗМ ХБН Алматы. Бапкер-Шақан Ясынжан.
3 орын-Рахманов Нұрымжан, Жұмабек Ниязбек. Астана 67 мектеп. Жаттықтырушы-Айтжан Елжас.
Робо-биатлон санатында (15-18 жас аралығында)
1 орын-Мыңжасар Иманғали, Михаш Бибарыс. Робопарк Шымкент. Жаттықтырушы-Құрақбай Олжас.
2 орын-Парпиев Қанат, Қаныбекұлы Асылбек. НЗМ ХБН Алматы. Бапкер-Шақан Ясынжан.
3 орын-Қаппасов Дидар, Жеңіс Дидар. Ақмола облысы, Абылайхан мектебі. Жаттықтырушы-Әбілжанов Нұржан.
Робо-сумо санатында 10*10 (14-17 жас аралығында)
1 орын-Бүркітбаев Әділет. Маңғыстау облысы, Бейнеу политех.колледж. Жаттықтырушы-Аяпов Елмұрат
2 орын-Назаров Руслан, Әбдікәрімов Музаффар. Лицей 23 Шымкент. Жаттықтырушы-Айжарық Айнұр.
3 орын – Ким Герман. Алпамыс мектебі Астана. Жаттықтырушы-Надирбеков Әзілхан.
Робо-сумо санатында 10*10 (18-21 жас аралығында)
1 орын-Рыбалкин Матвей. 54 Алматы мектебі. Жаттықтырушы-Рыбалкина Ольга.
2 орын – Талғатұлы Серікболсын. 29 Ақтау мектебі. Жаттықтырушы-Атаназаров Марат.
3 орын – Раушанбек Бейбарыс, Абдуллаев Оралбек. Қызылорда ҚҚББОӘО. Бапкер – Сариев Р. А.
Жалпы командалық есепте ұпай саны бойынша бірінші орынды Алматы қаласының құрама командасы, екінші орынды Маңғыстау облысының құрама командасы және үшінші орынды Шымкент қаласының құрама командасы иеленді.